МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОҒАРЫ БІЛІМ

Соңғы онжылдықта бүкіл әлем бойынша академиялық ұйымдарда белсенді қолданылатын электрондық және интернет-технологиялар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жаңа перспективаларды ашады. Инклюзивтік білім беру сияқты Интернет арқылы оқыту мүгедекке өзіне ыңғайлы ретпен мамандық алуға мүмкіндік береді. Оқу үшін сізге лимитсіз интернет-байланысы бар компьютер (ноутбук немесе планшет) жеткілікті.

Мүгедектер үшін, әсіресе аз қозғалатындар үшін, қашықтықтан білім алу — бұл күндізгі, сырттай немесе кешкі бөлімге қабылданған студенттерге арналған бағдарламалар мен оқулықтарды қолжетімді ететін интерактивті орта. Сіз оқытушылардың қолдауын күндізгі оқудағыдай және тіпті одан да көп ала аласыз: жұмыс уақытында онлайн-куратор кез келген мәселе бойынша сізге көмектесуге әрқашан дайын.

Беделді университетте білім алу өте қымбат, қашықтықтықтан оқыту технологиясы бойынша мүгедектерге арналған кәсіптік білім беру сол ЖОО дипломын ала отырып, айтарлықтай қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді, ал бұл өте маңызды.

МҮГЕДЕКТЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қашықтықтан оқыту институты сізге кез келген жерде, кез келген уақытта және өзіңізге ыңғайлы кесте бойынша жоғары білім алуға мүмкіндік береді.

Мамандықтардың кең таңдауы. Онлайн-институт 90-нан астам оқу бағдарламасынан құралған, олардың әрқайсы бойынша қажетті мамандық алып, жоғары кәсіби білім деңгейі бакалавриат немесе қосымша білім ала аласыз. Мүгедектер үшін әр бағдарламаға қабылдаудың жеңілдетілген шарттары қарастырылған.

Әлеуметтендіру. Университетіміздің қашықтықтан оқыту жүйесі аясында мүгедектерді оқыту аралас онлайн-топтарда өтеді. Платформада виртуалды сыныптар, чаттар, блогтар, графика және бейнетаспа алмасу сияқты әлеуметтік мүмкіндіктер қарастырылған. Жоғары оқу орындарында мүгедектерді қашықтықтан оқыту қарым-қатынастың жоқтығы деген емес.

Мемлекеттік үлгідегі диплом. М. Әуезов атындағы ОҚМУ университетін бітіргеннен кейін сізге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, онда оқыған оқу түрі көрсетілмейді.

Материалды оңай зерттеу. Онлайн-платформамен сіз бұрын қиындық тудыруы мүмкін нәрсені тез түсінесіз және үйренесіз. Графикасы көрнекі видеолекцияларды бірнеше рет көруге болады, интерактивті тесттер мен бақылау интуитивті түсінікті. Егер сізге бір нәрсе түсініксіз болса, онлайн-кеңесшіден сұрай аласыз.

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ –ДА МҮГЕДЕКТЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҚАЛАЙ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ?

Шарт жасасқаннан кейін және оқу ақысын төлегеннен кейін сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіру үшін логин мен парольді аласыз. Осы жерден сіз оқу және қосымша әдебиеттің электрондық кітапханасына кіріп, сабақтар мен емтихандардың кестесін, онлайн-лекцияларды көре аласыз және семинарларға қатыса аласыз, оқытушылар мен курстастармен сөйлесе аласыз. Сіз Астанадасыз ба, Шымкенттесіз бе немесе өңірлердесіз бе маңызды емес, мүгедектер үшін кәсіптік оқу қолжетімді, сіз компьютерді іске қосыңыз және Интернетке шықсаңыз болды.

МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Қазақстан еңбек нарығында сұранысқа ие және тәжірибелік дайындыққа бағытталған қызықты және қазіргі заманғы мамандықтар-мұның барлығын ОҚМУ - дағы мүгедектерді үйде оқыту жүйесі қамтиды. Ақпараттық технологиялардан, жобаларды басқарудан бастап, интернет-маркетинг пен дизайнға дейін — 90-нан астам бағыттардың ішінде сіз өзіңізді жүзеге асырып, өз ісіңіздің табысты кәсіпқой маманы болуға мүмкіндік беретін бағытты оңай таба аласыз. Біз мүгедектерге дәл күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне арналғандай бағдарламалар мен мамандықтарды ұсынамыз.

Жоғарыда аталғандарды қоса алғанда дайындықтың көптеген бағыттары біздің түлектерге қашықтықтан жұмыс істеуге, яғни өзінің онлайн-бизнесін дамытуға, консалтингтік қызмет көрсетуге, компаниядағы қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкер болуға мүмкіндік береді.

Мүгедектерді үйде қашықтықтан оқыту - бұл сізге лайықты, сапалы және беделді білім алу мүмкіндігіңіз. Өміріңізді жақсы, ал мансабыңызды табысты ету үшін қашықтықтан оқытудың жаңа технологияларын