Добро пожаловать на сайт sde.sksu.kz
Содержимое главной страницы еще не создано.
Франция мемлекетінің Қазақстандағы Бас консулы Фабрис Неве университетімізде
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Француз Альянсының 5 жылдық мерекесіне орай Франция мемлекетінің Бас консулы Фабрис Неве, аймақтық ынтымақтастық атташесі – Ксавье Ле Торривеллек және мәдениет бойынша атташе Алекс Бортоланмен кездесу өтті. Университет басшылығымен кездесу барысында бірінші проректор Нұрманбетов Қайрат Энбекшиевич университетіміздің жетістіктерін және студенттердің Француз тілін үйренудегі аса үлкен құлшынысы туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, Басқарма төрағасы-Ректор Қожамжаров Дария Пернешқызының қазіргі сәтте Франция мемлекетінде Европалық жоғары оқу орындары басшыларымен академиялық ұтқырлық, кәсіби тәжірибе алмасу және т.б. маңызды мәселелер туралы келіссөздер жүргізіп, меморандумға қол қойып жатқандығы туралы айтып өтті. Атташе Алекс Бортолон өз сөзінде екі ел президенттерінің маңызды келіссөз жүргізіп жатқандығын және екі елдің ғылым және жоғары білім министріліктері арасында «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында Франция мемлекетінде білім алу үшін жоғары оқу орындары санын көбейту туралы келіссөздер жүріп жатқанына тоқталды.
Сондай ақ, Франция мемлекетінің өкілдері университетіміздің студенттеріне Франция мемлекеті шет ел студенттерінің саны бойынша әлем бойынша 5 орында екендігін және француз тілінің 300 миллионға жуық қолданушы бар екендігін айтып өтті. Франциядағы жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін барлық мүмкіндіктерін барын және қолайлы жағдайлар жасалғанын түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында университетіміздің білім алушылары қызықтырған сұрақтарына жауаптар алып, естелікке суретке түсті.
Auezov University: Жыл жаңалығы!
Сіздерді Auezov University-нің әлемнің ең үздік 1422 жоғары оқу орындарының арасында QS World University Ranking ТОП-450-ге енуімен құттықтаймын!
Бұл М. Әуезов атындағы ОҚУ үшін үлкен жетістік! Біз бұл биік мақсатқа он жылдан астам уақыт бойы қадам басып келеміз.
Бұл университеттің ең жарқын серпінді дамуы, оның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, зерттеу университетіне айналу жолында білім мен ғылымның жаңа сапасына көшу көрсеткіші.
Бұл жеңістің лайықты жалғасы болатынына және алдағы уақытта QS рейтингіндегі позициямыз тек нығая түсетініне сенімдімін.
Университеттің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын!
Басқарма Төрағасы-Ректор,
Д.П. Кожамжарова
Елді бірлікке бастайтын үндеу
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының оқытушылары еліміздегі төтенше жағдай мен қоғамдық тәртіпсіздіктерге байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған үндеуі мен баяндамаларын ортақ талқылады.
Ел Президенті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысына қатысып, ең әуелі Үкіметтің жаңа басшысын тағайындап, жаңадан жасақталатын Үкіметке қазіргі уақыттағы туындаған қиындықтардың тұсында халықтың әл-ауқатының, тұрмыс-тіршілігінің дұрысталып, жақсаруына баса мән беруін тапсырды.
Қоғам тыныштығының бұзылуы еліміздің өркендеп, өсуіне кері әсер тигізетіндіктен Президентіміз Қазақстан халқын бірлікке, татулыққа шақырып, қиындықтарды береке-бірлікпен бірге жеңетінімізді ерекше ескертіп, келеңсіз істерден кейін шегінген тұстарымызды қайта қалпына келтіруге білек сыбана кірісу керектігін білдірді.
Мемлекет басшысының баяндамасы жалпы халықтың көкейіндегі күпті ойлардың, түйткілді мәселелердің оңды шешімін табатынына бағыт нұсқап, жұрт көңіліне үміт шырағын жаққандай болды. Әсіресе, еліміздің білім саласының сапасын жоғарылатып, ұрпақтарымыздың сауатты, білімді, тәрбиелі болып өсуіне жағдай жаратуды назарда ұстауды ерекше атап өтті. сонымен қатар, білім гранттарының санын арттырып, шет аймақтардағы, аудан-ауылдарды білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету және елімізде шет елдің озық университеттерінің бөлімшелерін ашу секілді түйінді тапсырмаларды жүктеуі көңіл қуантарлық іс.
Дайындық орталығының оқытушылары елдегі қоғамдық тәртіпсіздіктерді жөнге салу жолында шыр-пыр болған Мемлекет басшысының ұсыныс, үндеулеріне қолдау білдіретіндіктерін, ел тыныштығын сақтауға, орталықтағы білім алып жатқан тыңдаушылардың оқу жұмыстарының ақсамай, алға жүре беретіндігіне күш салатындықтарын айтты.